29 шіл, 2022 сағат 17:24

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады


"Қазгидромет" синоптиктері 30, 31 шілде және 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Найзағай ойнап, бұршақ, жауын-шашын түседі: елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12 градусқа дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25 градус, батыста +30 +35 градус, елдің орталығы мен шығысында +20 +28 градус, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33 градус болады.