Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде күн салқындайтынын болжап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидрометтің мәлімдеуінше, 29 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Оралда орналасқан циклон Батыс Сібір арқылы, ал онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары Қазақстан арқылы жылжиды. Сондықтан республиканың батыс және солтүстік облыстарында жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады.
Ал шығысқа және оңтүстік-шығысқа суық және ылғалды ауа массаларының таралуына байланысты, Қазақстанның қалған аймақтарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, күшті жел тұрып, ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен 2…4°С-қа төмен болуы мүмкін.