25 нау, 2021 сағат 18:11

11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Шымкентте ертең түнде және таңертең қатты жаңбыр жаууы мүмкін, кей уақытта найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан қаласында ертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. 26-27 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы кықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел тұрады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Жезқазғанда ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Атырау қаласында ертең күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

26 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

26 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

26 наурыз түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

Қызылорда қаласында ертең түнде найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қалың қар қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскеменде ертең жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. 

Семейде ертең жаяу боран соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда күндіз Жамбыл облысының кей жерінде нөсер жауады. 26-27 наурызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды. 26-27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Таразда ертең таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта 25 м/с күшейеді.