07 мау, 2021 сағат 14:30

Электрондық еңбек биржасы: мамырда бос жұмыс орындарының саны түйіндемелерден 1,6 есе артты


«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) деректері бойынша, мамыр айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі - ЭЕБ) түйіндемелерге (46,4 мың) қарағанда бос жұмыс орындары 1,6 есе (75,3 мың) көп орналастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуір айымен салыстырғанда ЭБТ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 15%-ға, ал түйіндемелер саны 33%-ға азайды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еңбек ресурстарына сұраныстың артуы байқалады.

Егер ағымдағы жылдың қаңтарында ізденушілер саны бос орындар санынан 5,2 мыңға асқан және әрбір бос орынға 1,1 түйіндемеден келген болса, онда ақпаннан бастап бос лауазымдар мен жұмыс іздеп жүрген адамдар арасындағы алшақтық бос жұмыс орындары бойынша өсе берді. Нәтижесінде, мамыр айында жарияланған түйіндемелер ЭЕБ-дағы барлық сұраныстың тек 62%-ын қамтыды. Еңбек нарығы құрылымының мұндай өзгеруі елдегі экономикалық жағдайды қалпына келтірудің оң әсерін және сәйкесінше азаматтарды жұмыспен, атап айтқанда enbek.kz алаңы арқылы қамту процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын көрсетеді.

Өз кезегінде, өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос орындар мен түйіндемелер саны тиісінше 13,7 мың және 22,8 мыңға қысқарды. Мұның бір себебі - мамыр айына қарағанда сәуір айында көктемгі дала және маусымдық жұмыстарға арналған жиынтықтың көп бөлігін толтыру. Мәселен, бір ай ішінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін бос орындар саны 2,1 есеге, ал ізденушілер саны 1,9 есеге азайған.

Бұл ретте мамандықтар бөлінісінде білікті және біліктілігі жоқ еңбек ресурстарына деген сұраныс елеулі өзгерістерге ұшырамаған. Алдыңғы кезеңдердегідей, ЭЕБ - да білікті қызметкерлер арасында күзетшілердің (1764 бос орынға қарсы 457 түйіндеме), автокөлік жүргізушілерінің (937 түйіндеме және 1545 бос орын), орта медициналық қызметкерлердің (556 түйіндеме және 1089 бос орын) тапшылығы байқалды. Сонымен қатар, сауда саласы қызметкерлерінің – дүкен сатушылары мен олардың көмекшілерінің, кассирлер мен билет сатушылардың, сондай-ақ сатушы-консультанттардың жетіспеушілігі байқалды.

Жүк тиеушілермен және әртүрлі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлермен қатар мамыр айында біліктілігі жоқ қызметкерлер арасында біліктілігі жоқ құрылыс жұмысшыларының тапшылығы байқалды. Осылайша, есепті айда жұмыс берушілер ЭЕБ-да құрылыстағы біліктілігі жоқ жұмысшылар үшін 584 бос жұмыс орнын жариялаған, бұл нарықтағы ұсыныстан 10 есеге артық (59 түйіндеме). Сонымен қатар, мұндай бос орындардың 55%-ы Алматы (184 бос орын) және Нұр-Сұлтан (90 бос орын) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (51 бос орын) болды, бұл күн райының жақсаруына және құрылыс жұмыстарының қайта басталуына байланысты болғаны анық.

Мамыр айында біліктілікті талап етпейтін жұмыс бойынша ұсыныс та өзгеріссіз қалғанын атап өткен жөн. Мал өсірушілерге, жануарларды қараушыларға және заңгерлерге қосымша, білікті жұмыс іздеушілер арасында қазандық операторлары (226 түйіндемеге қарсы 33 бос орын), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (69 бос орын және 203 түйіндеме), биология мұғалімдері (37 бос орын және 167 түйіндеме) арасында артықшылық байқалды. 

«Мұғалімдер мен қазандық операторларының орындарына жұмыс іздеушілер санының көбеюі маусымдық сипатқа ие екенін атап өткен жөн - жазғы уақытта мұндай мамандар көбіне қажет болмайды. Сірә, біз күздің басында осындай мамандарға сұраныстың артуын байқайтын боламыз», – деп түсіндірді ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.

Өңірлік талдау мамыр айында ЭЕБ - дағы бос орындар санының тек екі өңірде – Солтүстік Қазақстан (+30%) және Ақтөбе (+13%) облыстарында өскенін көрсетеді. Осылайша, СҚО-да жаңа жұмыс орындарының ең көп өсімі «әкімшілік саласындағы қызметшілер» (+97%) және «өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшылары» (+76%) санаттары бойынша байқалды. Өңірдегі тапшы кәсіптердің тізімін мұрағатшылар (196 бос орынға қарсы 7 түйіндеме), сауалнама бойынша сұхбат алушылар (0 түйіндеме және 177 бос жұмыс орны) және ауыл шаруашылығының механизатор-инженерлері (63 түйіндеме және 158 бос жұмыс орны) бастады. 

Ақтөбе облысына келетін болсақ, «фермерлер мен ауыл шаруашылығы жұмысшылары» (2,2 есе) және «біліктілігі жоқ жұмысшылар» (+64%) сияқты топтар бойынша бос жұмыс орындары санының айтарлықтай өсуі байқалды. Сонымен қатар, өңірдің тапшы мамандықтарының қатарына негізінен қызмет көрсету саласының қызметкерлері, атап айтқанда күзетшілер (190 бос орынға қарсы 79 түйіндеме), ас үй жұмысшылары (15 түйіндеме және 115 бос жұмыс орны) және үй қызметшілері (1 түйіндеме және 76 бос жұмыс орны) кірді.

Орналастырылған түйіндемелердің серпіні көрсетіп отырғандай, мамыр айында Ақтөбе облысын қоспағанда, барлық өңірлерде жұмыс іздеушілер саны азайған. Осылайша, өңірде жарияланған түйіндемелердің саны 9% - ға артып, 3 763 бірлікті құрады. Бұл ретте Ақтөбе облысында түйіндемелер санының өсуі біліктіліктің болуын талап етпейтін еңбекті болжайтын түйіндемелер санының көбеюі есебінен болды. 

Өңірлер арасында түйіндемелердің ең көп санын мамыр айында Алматы (10%) және Түркістан (9,6%) облыстарының тұрғындары орналастырған, ал бос орындардың ең көп саны республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан (12,4%) және Алматы (10,8%) қалаларына келеді.