17 нау, 2021 сағат 17:13

Электронды вакцина паспортын eGov mobile қосымшасына шығарылды

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов электронды вакцина паспортын eGov mobile алудың жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Баспасөз-конференцияда журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ерлан Қиясов вакциналау паспортының қандай болатынын сипаттап берді. 

«Вакциналаудың толық циклінен өткен адамдар үшін, яғни екі доза алғандарға eGov mobile базасында электронды паспорт беріледі. Егер eGov mobile қосымшасын қолданушы болсаңыз, ұялы телефон арқылы өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, жеке деректер бағанындағы цифрлық құжаттардың ішінен таба аласыз. Сол жерде вакциналау паспорты шығып тұрады. Вакцинаның қашан және қандай мекемеде салынғаны, жауапты дәрігердің кім екені, деректерді кім енгізгені туралы ақпараттың бәрі қамтылған» - деді Ерлан Қиясов. 

Оның сөзіне қарағанда, электронды құжатқа қазір қазақ және орыс тілдерінде ғана ақпарат енгізілген. Алдағы уақытта ағылшын тіліндегі трнаскрипциясы да енгізілмек. 

«Бұған қосы қосымшаға кірген кезде вакциналау паспортының QR кодын енгізу мүмкіндігі жасалған», - деді бас санитар.