Британдық Rolls-Royce индустриялдық компаниясы (авиация қозғалтқыштары және қымбат автокөліктерімен танымал) Spirit of Innovation электр ұшағы өзінің санатында әлемдік жылдамдық рекордын жасағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
Компанияның мәлемдемесінде ұшақты сынау кезінде 623 км/сағ жылдамдық көрсетті делінген.
Дүниежүзілік әуе спорты федерациясы әзірге рекордты растамады, расталған жағдайда, бұл электр ұшағы көрсеткен ең жоғары жылдамдық болмақ. Жаңа ұшақ 16 қараша күні Уилтшир графтығындағы Боскоум-Даун әуе базасында сынақтан өткен.
Штурвалда ұшқыш Фил О'Делл отырды, ол бұны өзінің мансабындағы айтулы оқиға деп атады.
Rolls-Royce компаниясы ұшақ 2017 жылы Siemens неміс электропланы орнатқан 213 км/сағ жылдамдықты басып озғанына сенімді. Ұшаққа 400 киловатт күші бар электр қозғалқышы орнатылған, бұл 535 аттың күшін береді. Онда сыйымдылығы жоғары аккумлятор орнатылған, бір уақытта 7 500 смартфонды қуаттауға күші жетеді.