Қазақстанда электр энергиясының құны 6,5%-ға арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Energyprom ресурсына сілтеме жасап.
Жаздың соңына қарай елде сағатына 69,6 млрд кВт электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем.
Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясының 80,5% - жылу электр стансаларының еншісінде, 9,7% - гидроэлектростансалары, 8,6%-ын газотурбинді стансалар өндірген.
Жел электр стансалары бүкіл электр энергиясының тек 0,9% ғана өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға артық.
Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде электр энергиясы 6,5%-ға арзандады.
Бағалардың арзандауы Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді.
Бір айта кетерлігі, былтыр қаңтар-шілде аралығындағы электр энергиясының құны 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға қымбаттаған.