04 сәу, 2019 сағат 10:46

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Гран-при турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы 5-7 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағанындай, айтулы додада әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы бақ сынамақшы.

Қазақстан намысын 13 дзюдошы қорғайды.

Атап айтқанда, ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг),

Дәурен Сүйеукенов (-60 кг),

Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг),

Сұңғат Жұбатқан (-66 кг),

Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг),

Жанболат Бағытбергенов (-73 кг),

Руслан Мұсаев (-81 кг),

Дидар Хамза (-81 кг),

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг),

Рега Палкин (-90 кг),

Әділхан Қозыбаев (-100 кг),

Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг).

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг).

Қазақстан құрамасы осының алдында Тбилисиде өткен Гран-при турниріне қатысып, қоржындары бос қайтқан болатын.

Бұл жолы Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах сынды белді палуандар татамиге шыққалы отыр.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин (бапкері Талғат Балмағамбетов) алғаш рет ересектер арасындағы Гран-при жарысына қатыспақшы. 2018 жылы А.Ғайнуллин жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын.