01 шіл, 2021 сағат 15:14

Елбасының сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі


5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа елорданың тарихына тоқталып, ғаламат құрылыстың құпияларымен бөлісті», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.