03 шіл, 2020 сағат 17:01

Елбасының қан материалынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны – фейк

Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалынан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленіп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы coronavirus2020 Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өкілетті органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тексеріс жүргізу және оның одан ары таралуына жол бермеудің түбегейлі шараларын қабылдау үшін аталмыш материалға тиісті сараптама жүргізу тапсырылды. Азаматтардан әлеуметтік желілер мен интернет желісіндегі сенімсіз ақпараттарға ырық бермеуге және ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Сонымен қатар қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеміз», - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратында.