15 қыр, 2020 сағат 14:51

Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.

– Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық, – деді Е.Досаев.