04 мам, 2017 сағат 12:30

Елбасы «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті«National Geographic»  телеарнасы өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-иннновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.

Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.