09 мау, 2017 сағат 14:34

ЭКСПО ғимараты жайлы ерекше видео

Бүгін Астанада ашылу салтанаты өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ғимараты ерекше. Әсіресе алып шардың түнгі келбеті көз сүйсіндірерлік, деп жазады BAQ.kz тілшісі.

Видеода ЭКСПО ғимаратының түнгі уақыттағы ерекше құбылыстары бейнеленген. Әлемге «Болашақ энергиясын» қолдануды ұсынып отырған көрменің бас ғимараты да осы тақырыпқа орай сан құбылады.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлемнің 100-ден астам елі қатысады. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда. Ал бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері қатыспақ.