25 қаң, 2025 сағат 11:42

Экс-тележүргізуші Пентагонға басшы болды

Фото: BBC. Пит Хегсет

"Fox News" телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Пит Хегсет АҚШ Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы BBC-дің ақпаратына сүйеніп, Ult.kz хабарлайды.

Хегсеттің кандидатурасы 2017 жылдың қыркүйек айында болған оқиғаға байланысты, даулы болып тұрған еді. Сонда оған зорлау бабы бойынша айып тағылған. Хегсет өз кінәсін мойындамаған.

BBC-дің хабарлауынша, АҚШ Сенаты Хегсеттің кандидатурасын әрең бекіткен. Дауыс беру нәтижесінде "қолдау" мен "қарсы" дауыстар тең бөлінген. Мұндай жағдайда шешуші дауыс АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнске тиесілі болған.

“АҚШ Сенаты Пит Хегсетті Қорғаныс министрі қызметіне бекітті. Алайда оның кандидатурасы бірқатар күмән тудырды, тіпті кейбір республикашылдар тарапынан да қолдау таппады. Оның үлкен басқарушылық немесе саяси тәжірибесі жоқ. Ол — соғыс ардагері, бұрынғы тележүргізуші және Дональд Трамптың жақын жақтасы”- делінген BBC хабарында.

Ал, Трамп бұл кондидаты туралы:

"Пит – қатал, ақылды және шынайы "Америка Бірінші" қағидасын ұстанушы. АҚШ армиясы қайтадан мықты болады және Америка ешқашан шегінбейді", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Пит Хегсет Гуантанамо түрмесінде АҚШ әскерінде қызмет еткен және Ауғанстан мен Ирактағы науқандардың ардагері болып есептеледі.