24 мам, 2021 сағат 18:01

Экология министрлігі: Қазақстанда қоқыс проблемасы 2025 жылға дейін шешіледі


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі журналистерге арналған брифингіде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын құрудың жоспарын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл Қазақстанның төрт өңірінде қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинауға арналған 7 230 контейнер орнатылып, жалпы қуатты жылына 300 мың тонна болатын үш жаңа қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады. Қазіргі уақытта полимер мен аралас қаптама (тетрапак) қалдықтарын қайта өңдеу кешендерін салу бойынша жобалар конкурстық іріктеу өткізіліп жатыр. Өңірлерде ҚТҚ-ны бөлек жинауды дамытуға арналған нысандар іске қосылып, инфрақұрылымды дамытқанда 2025 жылға дейін қайталама шикізат (металл, пластик, шыны және пластик) өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар жаңа экологиялық кодекске сәйкес энергияға айналдыру («Waste to Enеrgy») зауыттарына жіберіледі. 

«Қалдықты бөлек жинау және депозиттік-кепілдік жүйесін енгізу арқылы қалдықтардың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Жалпы қалдықтың 20 пайыздайы өртеуге жіберілмейді. Қалған қалдықтар қатты ластанған және бүгінгі таңда оларды жоюдың жалғыз жолы - энергетикалық кәдеге жарату болып саналады», - дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

20 мамырда экология министрлігі қалдықты энергияға айналдыру жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық жариялады. «Waste to Energy» кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарланып отыр. Зауыттардың құрылысы инвесторларды тарту есебінен жүргізу жоспарланған. Инвесторларға қойлатын басты талап - Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 2010/75/ЕО директивасының нормасына сәйкес түтін газын тазартудың бес сатылы жүйесін орнату. Болашақ зауыттар шығарындыларды бақылайтын автоматтандырылған жүйемен жабдықталады. Қазіргі уақытта жер учаскелерін беру және инфрақұрылым жүргізуге қатысты мәселелер пысықталып жатыр. 

Болжам бойынша, алты зауытты іске қосу нәтижесінде 2025 жылға қарай қалдық өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өртелмейтін қалдық көлемі 20%-да құраса, қалған қалдықты энерегияға айналдыру жоспары тұр.