16 нау, 2021 сағат 09:47

Эко және этнотуризмді дамыту бойынша Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауында және 22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы қалай орындалып жатқаны жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәселен, Президент Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді дамытудың шеберлік-жоспарларын жұртшылықпен жүйелі түрде талқылауды қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын. 

Туризм және демалыс орындарын дамыту мәселелері бойынша қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнге дейін орындалғаны: 

- 13 ұлттық парктің жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды; 

- Алматы облысындағы Шарын, «Алтынемел», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің экологиялық туризмін дамытудың тұжырымдамалары әзірленді; 

- Туристік бағдарлар мен жолдарды дамытуға - күрделі құрылыс жұмыстары жүргізбей-ақ, туризм нысандарын салуға; қарсы алып-шығарып салу заманауи орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдарын және керуен-сарайларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. 

- Басқа ұлттық парктерде этнотуризмді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу, бекіту жұмыстары жүріп жатыр;

- Экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестерді құру жұмыстары жалғасуда.