Қар барыстары бірден екі ұлттық паркте видеоға түсіп қалды. Бұл бейнежазбаны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Қабыландар қазір ерекше қорғалатын 9 табиғи аумақта мекендейді. Осы жолы олар Алтынемел және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен.
Аталған жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған. Қазір елімізде шамамен 140-180 ілбіс бар.