03 нау, 2022 сағат 15:25

"Эхо Москвы" радиосы мен оның сайты жабылады


"Эхо Москвы" директорлар кеңесі радиоарна мен сайтты жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы радионың бас редакторы Алексей Венедиктов Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Эхо Москвы" директорлар кеңесінің көпшілік дауысымен радиоарна мен "Эхо Москвы" сайтын жабу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Венедиктов.

Сонымен қатар, Роскомнадзор Google-дан "Эхо Москвы" қосымшасын жоюды талап етті, деді Венедиктов.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, 1 наурызда "Эхо Москвы" сайты Ресейдің Украинамен соғысы және "экстремистік әрекеттерге шақыру" туралы хабарламаларға байланысты Бас прокуратура өтініші бойынша бұғатталған. Радиостанция да эфирден ажыратылған. Венедиктовтың айтуынша, сайт Роскомнадзордан хабарлама алмаған, ал редакция заң бұзбаған.