Экологтар Бабиле қорығындағы пілдер санының күрт азаюын 2006-2017 жылдары оның аумағындағы заңсыз қоныстар санының үш есе өсуімен байланыстырады. Бұл туралы сейсенбі күні Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) баспасөз қызметі Oryx журналындағы мақалаға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
"Бабиле қорығында жағдай қиын. Қазір оның аумағында 250 піл бар. Егер адамның олардың мекендеу ортасына енуіне байланысты проблемалар жақын арада шешілмесе, қорық аумағында бірде-бір піл қалмайды", - деген Оксфорд университетінің зерттеушісі Эмили Нилдің сөздерін келтірген университеттің баспасөз қызметі.
Африка пілдері (Loxodonta africana) соңғы 75 жылда алты-жеті есе азайды. Айта кетсек, 1989 жылы жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға (CITES) қатысушы елдер браконьерлерге қарсы күресті бастады. Осы ғасырдың басында бұл шаралар пілдердің популяциясын тұрақтандырды, бірақ соңғы жылдары Азияда піл сүйегіне сұраныстың артуына байланысты олардың саны қайтадан күрт азая бастады.