Бішкекте дзюдодан Азия чемпионатының финалдық кезеңдері өтіп жатыр. Елдос Жұмақанов Қазақстан қоржынына қола медальді салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол жұбаныш финалында қырғызстандық Артур Темен кездесті. Негізгі уақытта отандасымыз жеңіліп тұрып, есепті теңестірді. Қосымша уақытқа дейін созылған күресте Елдос әдіс жасап, «вазари» ұпайымен қарсыласынан жеңісті жұлып алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Сардор Нуриллаев жеңімпаз атанды. Оңтүстік Корея спортшысы Ан Баул екінші орынға жайғасса, оның отандасы Ким Линхуан үшінші орынға тұрақтады.