АҚШ президентінің дәрігері Кевин О'Коннор мен оның командасы Ақ үй басшысында COVID-19 белгілері азайып бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол Джо Байден коронавирустың BA.5 нұсқасымен ауырған болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеке дәрігердің соңғы мәлімдемесіне сәйкес, президент Джо Байденнің COVID-19 белгілері «Паксловид» препаратын қабылдағаннан кейін жақсара бастаған.
«Қазір Джо Байденде тамақ ауруы, тұмау, жөтел мен дененің әлсіздігі бар», - деді О'Коннор сенбідегі мәлімдемесінде.
Алдын ала нәтижелер Байденде вирустың BA.5 жаңа нұсқасы болуы мүмкін екенін көрсетеді. BA.5 вирусы қазіргі уақытта АҚШ-тағы жаңа инфекциялардың 80% құрайды.
Дәрігердің айтуынша, президенттің тамыр соғысы, қан қысымы, тыныс алу жиілігі, оттегі деңгейі қалыпты күйде.
Ал Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті сынақтары теріс нәтиже бермейінше, оқшауланып жұмыс істейтін болады.