07 мау, 2019 сағат 13:34

Дубайдағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Дубайдағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дубайда туристер мінген автобустың апатқа ұшырауынан қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетсек, 6 маусым күні Дубайда жергілікті уақыт бойынша 17.40-та мемлекеттік нөмірі Оман Сұлтандығында тіркелген туристік автобус жол апатына ұшырады. 31 жолаушы мінген автобус шейх Мұхаммад бен Заид жолымен метроға бара жатқан. Апат салдарынан әртүрлі елден келген 15 турист қаза тауып, 5 адам ауыр жарақаттанған.