24 там, 2022 сағат 10:13

Дубайдағы тағы бір бассейн Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: deepdivedubai.com

Deep Dive Dubai бассейні Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең терең бассейн ретінде енді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Upjobsnews.com сілтеме жасап.

Дубайда жаңа аттракцион - Deep Dive Dubai пайда болды. Бұл - әлемдегі ең терең бассейн. Ол Над-Аль-Шеба аймағында орналасқан және алты олимпиадалық бассейнге тең келетін 14 миллион литр су бар. Бассейннің тереңдігі 60 метр, бұл Гиннестің рекордтар кітабының алдыңғы рекордынан 15 метр үлкен.

Deep Dive Dubai үлкен суға батқан қаланы еске түсіреді және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 56 камерамен, сонымен қатар заманауи жарықтандыру және дыбыс жүйелерімен жабдықталған.

Мұнда сүңгуірлерге жаттығу жасауға болатынымен қатар, бассейннің түбінде шахмат пен үстел футболын ойнауға болады. Сонымен қатар, мультимедиялық өңдеу бөлмесі орнатылған су астындағы киностудия бар.

Жабық бассейн құрылымның ішіне 1500 шаршы метр ұлу тәрізде салынған. Бассейндегі судың температурасы 30 градус Цельсий деңгейінде сақталады. Жұқа киім немесе купальник киюге ыңғайлы.

Бассейн алдын ала жазылу арқылы және тек 10 жастан асқан адамдарға қолжетімді.