05 қаң, 2025 сағат 11:36

Донецкіде ресейлік журналист қаза тапты


Фото:gazeta.ru

«Известия» басылымының штаттан тыс тілшісі, оператор болып жұмыс істеген Александр Мартемьяновтың көлігіне дронмен соққы жасалған. Тағы бірнеше журналист зардап шеккен, деп жазады Ulysmedia.kz порталы ресейлік басылымға сілтеме жасап.

ТАҒЫ КІМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Известияның штаттан тыс тілшісі Александр Мартемьянов Донецк-Горловка тас жолында өлім құшқан.

БАҚ-тардың хабарлауынша, басылымның тілшісі мен тағы төрт БАҚ қызметкері жарақат алған.

Кейінірек "Известия" өз тілшісінің өлгенін растады.

"РИА Новости" тілшісі Максим Романенко мен агенттік журналисі Михаил Кевхиев жарақат алған. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, деп хабарлады басылымның өзі. Сонымен қатар, "Блокнот" басылымының екі журналисі зардап шекті, деп жазады ТАСС.

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӨЛІМІ

Мартемьянов 2023 жылдың қазан айында СОҒЫС аймағында бір рет жарақат алған: ол Донецктің Буденновск ауданын атқылау кезінде зардап шеккен "Известияның" үш журналисінің бірі болды. Сол кезде ТЖМ-нің бір құтқарушысы қаза тауып, ведомствоның тағы екі қызметкері жарақат алған.

Мартемьянов сол кезде оператор болған. Дәрігерлер бұл жолы оның қос жамбасынан жарақат алғанын хабарлайды.
2024 жылдың маусымында Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскери операция аймағында кемі 30 ресейлік журналист қайтыс болды деп хабарлады. Содан бері тағы бірнеше репортер өлді.