14 нау, 2023 сағат 16:55

Доллар бағамы сәл көтерілді

Фото: REUTERS/Cagla Gurdogan

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 458,22 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 14 наурыздағы ресми бағамы - 456,66 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 456,91 теңге, сату – 461,38 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орташа есеппен 457,91 теңгеден сатып алынып, 461,55 теңгеден сатылып жатыр.