10 нау, 2023 сағат 15:51

Доллар бағамы қайта көтерілді

сурет ашық дереккөзден алынды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,82 теңгеге көтеріліп, 445,98 теңге болады. Айта кетейік, АҚШ валютасының 10 наурыздағы ресми бағамы - 441,12 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,93 теңге, сату – 454,24 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,86 теңгеден сатып алынып, 453,02 теңгеден сатылып жатыр.