23 ақп, 2023 сағат 16:18

Доллар бағамы 450 теңгеге жуықтады

Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар 2,36 теңгеге қымбаттап, 449, 22 теңге болды. АҚШ валютасының 23 ақпандағы ресми бағамы 446, 60 теңгеге тең.

Ал Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,96 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 448,89 теңге, сатып алу - 452,07 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы - 448,50 теңгеден болса, сатып алу құны - 451,62 теңге.