01 шіл, 2020 сағат 09:00

Дмитрий Попко АҚШ-тағы теннис турнирінде тағы жеңіске жетті

АҚШ-та All Lower Level tournaments теннис турнирінің кезекті күні аяқталды. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко тағы бір ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дмитрий Попконың қарсыласы Чили спортшысы Алехандро Табило болды. Тартысты ойын үш сетке жалғасты. Попко алғашқы сетте қарсыласына есе жібергенімен, одан кейінгі екі айналымда жеңіске жетті. Нәтижесінде ойын 3:6, 7:6(2), 10:8 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Дмитрий Попконың АҚШ-тағы турнирде бір күнде үш жеңіске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.