05 сәу, 2021 сағат 13:31

Дмитрий Баландин РФ чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұл күндері Ресейдің Қазан қаласында жүзуден Ресей чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин аталған біріншілікте 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Баландин тиісті қашықтықты 27,62 секундта бағындырып, бесінші орыннан көрінді. Нәтижесінде, турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Айта кетерлігі, бүгін ерлер арасында 50 м брасс әдісімен жүзуден жартылай финал және финалдық сын өтеді. 

Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де, ал финал 22:36-ға жоспарланған.