03 мам, 2021 сағат 12:05

Диснейленд қайта жұмыс жасай бастады


Калифорниядағы Диснейленд штат тұрғындары үшін қайта ашылды, деп хабарлайды euronews.

Әлемге әйгілі ойын-сауық паркі пандемияға байланысты 13 айдан астам уақыт бойы жабық болды. Қазір мұндағы жағдай едәуір жақсарды: калифорниялықтардың үштен бірі вакцина алды және штат билігі Диснейлендтің жұмысын қайта бастауға рұқсат берді.

Көптеген келушілер Диснейленд олар үшін ұзақ уақыт шектеулерден кейінгі жағдай жақсы болғанын айтады. Саябақтардың жабылуына байланысты компанияға келген шығындар миллиардтаған долларды құрады. Шамамен 32 мың адам жұмыссыз қалды. Енді олардың үштен бірі қауіпсіздік шараларына байланысты қосымша нұсқаулардан өтіп, қайтадан жұмысқа кірісті.