10 сәу, 2021 сағат 14:30

Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашар ұстауынан Polar Challenge халықаралық турниріне қатысуын тоқтатты.

Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасы арқылы мәлімдеді. 

«Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығынан Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді өкінішпен хабарлаймын. Мен турнирге шахмат жағынан да, техникалық тұрғыдан да дайын едім. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда интернетпен қайта-қайта проблемалар болды. Халықаралық гроссмейстер Lei Tingjie-мен ойын кезінде 7-ші турдың соңғы партиясында мен уақыт бойынша да, тас саны бойынша басымдыққа ие болып тұрғанмын. Бірақ тұрақсыз байланыстың салдарынан уақытты өткізіп алдым. Әр партияда маған ойын барысынан бұрын интернет туралы көбірек ойлауға тура келді. Мен үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын», - деді Динара Сәдуақасова.