Улан-Удэ қаласында бокстан әйелдер арасындағы 11-ші әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін шаршы алаңға шыққан 54 келідегі Дина Жоламан украиналық қарсыласын 5:0 есебімен ұтты. Енді қазақстандық боксшы ширек финалда жұдырықтасады. Айта кетелік, бүгін Динадан бөлек, Римма Волосенко мен Дариға Шәкімова шаршы алаңға шығады.