29 мау, 2017 сағат 15:47

Димаштың кешінде ән шырқаған шетелдік қонақтар концерт туралы пікір білдірді

Димаштың концертінде ән шырқаған шетелдік жұлдыздар ән кешінен кейінгі өз әсерлерімен бөлісті.

Қытайдың әнші жұлдызы, Димаштың «Singer2017» байқауындағы басты қарсыласы болған және «Бастау» ән кешінің құрметті қонағы Линь Чжисюань (TerryLin) Димашты мақтан тұтатындығын жеткізді.


«Кеше Димаш өте жақсы өнер көрсетті. Мен оған қарап отырып, оны шын жүрегіммен мақтан тұттым», - деп жазды Терри Лин өзінің Weibo парақшасына.


Сондай-ақ, Димашпен дуэт орындаған Ресей әншісі Кристина Орбакайте «Димаш Құдайберген сынды керемет әншімен... Рахмет, бұл ұмытылмас сәт болды», - деді Instagram желісінде.

Айта кетейік, 27 маусым күні Астанада жас әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. 2,5 сағатқа жалғасқан концертке 30 мыңға жуық көрермен жиналды. Бес бөлімнен тұратын ән кешінде Димаш төрт тілде ән шырқады. Сонымен қатар, Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидение-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор, Кристина Орбакайте (Ресей) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы кештің басты қонақтары болып өнер көрсетті.