Қытайда белгілі «Easy» журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке бірнеше бетін арнады.
«Журналдың кезекті нөмірінде басылым әншінің суреттерін жариялады», - деп хабарлады Instagram желісіндегі жас орындаушының @dimash_alpanda атты жанкүйерлер парақшасы.
Сондай-ақ, жанкүйерлер парақшасында Димаштың «Easy» журналына берген сұхбатынан үзінді келтірілген:
- Үйден шыққанда әдетте өзіңмен бірге нені алып жүресің?
- Кілт.
- Соңғы уақыттарда алаңдатып жүрген жайттар бар ма?
- Мені ештеңе алаңдата алмайды.
- Таңертең ерте тұру үшін оятқыш қолданасың ба?
- Ұйқыдан оятуға біреу көмектессе ғой.
- Алған сыйлықтарыңның ішінде қатты ұнағаны бар ма?
- Әр сыйлық ерекше.
- Сүйікті нақылың?
- Барлығы.
- Соңғы рет қай тректі тыңдадың?
- Michael Jackson - Beat It.
- Ұйықтар алдында не істейсің?
- Амандығым үшін дұға оқимын.
- Дене бітіміңнен өзіңе ең ұнайтын бөлігі қайсы?
- Мұндай сұраққа жауап беру ыңғайсыз екен! Айтпаймын.
- Балалық арманың?
- Атақты әнші болу.
- Бізге әлі де беймәлім қабілеттерің бар ма?
- Өте көп......... ха-ха-ха, қалжың. Алдағы уақытта біртіндеп өздеріңіз көресіздер.