24 қаз, 2019 сағат 20:22

Димаш Ресейдің ірі қалаларына жеке турын өткізеді

Әнші Димаш Құдайберген 2020 жылдан бастап Ресейдің ірі қалаларына жеке турын өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«2020 жылдын ақпан айында Ресейдiң үлкен қалаларында менiң жеке турым өтедi. Соның iшiнде 16 ақпан Краснодар қаласында, 20 ақпан Қазанда және 23 ақпан Екатеринбург қаласында концерттерiм болады. Мен және менiң командам сiздердi көруге әрқашан қуаныштымыз. Билеттер сатылуда» - дейді әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген 2020 жылы 11 наурызда Украина астанасында концерт беретіні хабарланған болатын.