Димаш Құдайберген Бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығына қатысу үшін Қытайға келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бейжіңнен Да Тон қаласына аман-есен жеттiк», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында.
Танымал қытай актері Джеки Чанның халықаралық экшн-фильмдер апталығы 21 шілдеде Да Тон (Datong) қаласында басталады. Димаш фестивальдің ашылу салтанатында ән шырқайды.
Айта кетейік, қазақстандық әншіні Бейжің әуежайында қытайлық фанаттары күтіп алды.
Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығы 27 шілдеде аяқталады.