Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайдың Гуаньчжоу қаласынан Франция астанасы Париж қаласына барды, деп хабарлайды ҚазаАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, Димаш 14 мамыр күні қытайдың Гуаньчжоу қаласында Tencent видео хостингінің «Live Music» ән кешінде қазақтың «Дайдидау» және қытай тілінде «Memories That Can't Take Away» әнін орындады.
Ән кешіне қытайдағы ең танымал әншілер өнер көрсетті. Димаштың жанкүйерлері әншіні ерекше қарсы алды. Ал сол күнгі қытайдағы аналар мерекесіне байланысты Димаш сахнада өз анасына арнап «Ана» атты әнді орындады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 мамыр күні Канн кинофестивалі аясында Францияның Ұлттық кинематография орталығының алаңында Қазақстан павильонының ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада камералық ішекті ансамбльдің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.