Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы сапарын аяқтап, Астанаға қайтып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Димаш 21 шілде Бейжіңнен Алматыға ұшып келді. Әнші бүгін Астана қаласында өтетін XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін елордаға оралды.
Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында «Туған жерге аман-есен жеттім! Бұйырса ертең Астанада халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кездескенше, достар!», - деп жазды.
Көптеген жанкүйерлері әуежайға алдын-ала жиналып, әншіні қазақтың дәстүрімен шашу шашып, қошаметтеп қарсы алды.
Айта кетейік, Димаш 19 шілде күні Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Asian Music GaLa шарасында «Ең танымал шет елдің әншісі», 20 шілде күні Шэньчжэнь қаласында 2017 MTV Music awards шарасында «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» номинациясы бойынша марапатталды.