Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық NetBase Quid тәуелсіз зерттеу компаниясының талдауымен әлеуметтік желіде қараша айында ең көп оқылған әртістердің ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің фан-клубына сілтеме жасап.
NetBase Quid интернеттегі тұтыну нарығын талдау мен бағалауға негізделген. Димаш Тревис Скоттан озып, тоғызыншы орында тұр.
Әлеуметтік желілердегі танымалдық рейтингінде бірінші орында - америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында BTS K-Pop тобының мүшесі - JIN, үшінші орында тағы бір оңтүстіккореялық әртіс Blackpink Лиза тұрды. Рейтингте сонымен қатар Адель, Джастин Бибер және Ариана Гранде бар.