Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 70 миллионға жуық дауыс жинап, қытайлық жұлдыздарды басып озды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Әнші NetEase компаниясының Top Influential Idol рейтингінде жеңіске жетті. Отандасымызға 70 миллионға жуық жанкүйерлер дауыс берген.
Тіпті, ол әйгілі "ЕХО" тобының өзін жолда қалдырды. Ол 17 миллионнан астам дауыс жинады. Әншінің өзі бұл қуанышты инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Барлық шерулерде мен үшін дауыс беріп, үнемі мені қолдап, мəртебемді биіктетіп жүретін туған елімдегі жəне əлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйер тыңдармандарыма мың алғыс! Екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинаған жетістік сіздердікі Dears! Жеңімпаз мен емес, сіздерсіздер! Рахмет, dears!", – деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, рейтинг апта сайын жаңарып, 7 күн бойы берілген дауыс нәтижесінде жеңімпаз анықталады. Отандасымыз бұл рейтингте алғаш рет бой көрсетіп отыр.