ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ кезіндегі үзілістерге түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жалпы, тест тапсырмаларының саны өзгермеді, 5 пән қалды. Екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы– 20 және екі бейіндік пәннен 35 тапсырмадан беріледі», - деп тоқталды Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.
ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.
Оның айтуынша, тестілеуді өткізу уақыты - 240 минут (4 сағат).
«Атап айтқанда, тестілеу кезінде бір сағаттан кейін талапкерлерге екі минут үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минут үзіліс беріледі. Бұл үзілістер компьютерге қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, санитарлық нормаларға сәйкес балаларға арнайы беріліп отыр. Бұл қадамдар талапкерлердің денсаулығы үшін жасалып отыр», - деді ұлттық тестілеу орталығының директоры.