13 ақп, 2020 сағат 13:52

Diamond Princess лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 219-ға жетті

Жапония үкіметі Иокогамада карантинде тұрған криуз кемесіндегі созылмалы ауруы бар қарт адамдардың сараптама нәтижелері теріс болса - жағаға жоспарланғаннан ерте шығуына рұқсат береді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, кемедегі тағы 44 адамнан індет анықталды. Жапонияда коронавируспен тіркелген 247 адамның 218-і круиз кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.

Жапония Денсаулық сақтау министрі Като Кацунобудың айтуынша, Diamond Princess лайнеріндегі 80 жастағы және одан да үлкен 200-ге жуық жолаушы жұма күні денсаулығы мен қалауына байланысты кемеден шыға алады. Ал денсаулығында кінәрат бар адамдар толық тексерістен өткен.

Кемеден кетуге рұқсат етілген тұрғындар ортаны оқшауландыру аяқталғанға дейін үкімет дайындаған жерге қоныстанады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар екенін айтты.