27 там, 2019 сағат 13:46

Ди Каприоның қоры Амазонияға көмек ретінде 5 млн доллар бөлді

Леонардо Ди Каприо негізін қалаған EarthAlliance қайырымдылық ұйымы Амазониядағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 5 млн доллар бөлді. Бұл туралы Қордың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бұл қаражаттар өрттен зардап шеккен Амазонияның жергілікті халқына және сондағы тропикалық орман шаруашылығын қорғаумен айналысып жүрген ұйымдарды қолдауға бағытталған. 

25 тамыз күні Бразилиядағы орман өртінің көлемі 1,5 мың шаршы метрге жайылғаны хабарланған. Одан бір күн бұрын Бразилия билігі өртті ауыздықтауға әскерилерді жіберетіндігін хабарлаған.

26 тамыз күні «Үлкен жетілік» елдері Амазондағы орман өртін сөндіруге 20 млн еуро бөлуге келіскен болатын.