2020 жылдың төртінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы кесімді орташа айлық жалақы 197,4 мың теңгені құраған. Бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32,1 пайыз көп болып, 2015 жылдан бері ең жоғары жылдық өсім болып табылады. Сатып алу қабілетінің инфляцияны қоса алғанда нақты өсімі 23,1 пайызды құраған, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Салыстырмалы түрде: жалпы алғанда Қазақстан Республикасы бойынша орташаайлық жалақы 14,3 пайызға, 233,1 мың теңгеге дейін өскен (нақты өсім — 6,5 пайыз). Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы жалақы орташа есеппен алғанда республика бойынша жалақыдан 15 пайыз аз.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағының арасында өткен жылдың басында қол қойылған келісімге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын орташа есеппен алғанда 30 пайызға және орташа медициналық қызметкерлер жалақысын – 20 пайызға өсіру жоспарланған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми порталындағы мәліметтерге сәйкес, 2021-2023 жылдары әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын екі есе: 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 50 пайызға, 2022 жылы – 25 пайызға және 2023 жылы тағы 25 пайызға өсіру жоспарланған.