25 қыр, 2020 сағат 13:50

Денсаулық министрлігі Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов министрдің орынбасары болған Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Людмила Бюрабекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Оның қайда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Оның қайда орналасатыны туралы белгілі болған кезде өзі немесе мен сіздерге хабарлаймын», - деді Бағдат Қожахметов бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.