22 шіл, 2020 сағат 19:37

Денсаулық министрі коронавирус жұқтырушылардың күрт өсу себебін атады

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың күрт өсу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күрт өсудің себебі мынада: Бірінші кезекте ақпараттық алаңда «бізден коронавирус инфекциясы көшіп кетті» деген әңгіме ауанынан сеніп қалдық. Ұзақ карантин шараларынан кейін халық босаңсып кетті. Жайлы ауа райы, жаз... Карантиннен кейінгі уақытты адамдар қуана қарсы алды», - дейді Алексей Цой «24 kz» арнасына берген сұхбатында. 

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар көпшілік орындарда маска кимей, қауіпсіздікті сақтамаған 

«Нақты айтатын дүние вируспен біз әлі ұзақ күресетін боламыз. Бәрі де өзімізге, әлеуметтік қашықтықты сақтауымызға байланысты. Шынтуайтында маска кию біздің өміріміздің салтына айналуы керек. Үлкен компанияларда жүріп, қашықтықты сақтау керектігін ұмытып кеткен секілдіміз. Жалпы босаңсу, белсенділік, адамдардың бір-бірін жақын араласа кетуі – вирустың одан ары кең таралуына жол ашты», - дейді министр.