26 шіл, 2019 сағат 15:17

Демалыста еліміздің басым бөлігінде күн қайта ысиды

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Жақын күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. 

Республиканың қалған аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары жылжитындықтан, ауа температурасы көтеріліп, аптап ыстық болады.

Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.