Синоптиктер 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Тропосфералық ағындардың меридианнан ендікке ауысуына байланысты Қазақстанға Атлантикадан ауа массалары келе бастады. Демалыс және мереке күндері Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысып жатқан циклонға байланысты республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізеді. Салдарынан кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады. Күн күркірегенде жел күшейеді және бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік облыстарға қазір Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып жатыр. Ал бұл антициклон жаз уақытында ыстық және құрғақ ауа райын туғызады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік жартысында көпжылдық ауа температурасы көпжылдық мәннен 1...3°С жоғары болады. Тек таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.