"Қазгидромет" синоптиктері 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Осылайша бұлт сейіліп, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.
Күндіз батыста +25 градустан +35 градусқа дейін, солтүстікте +25 градустан +33 градусқа дейін, орталықта +30 градустан +37 градусқа дейін, шығыста +27 градустан +37 градусқа дейін, оңтүстікте +40 градустан 45 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Ертең елордада көшпелі бұлт шығады. Күндіз +35 градус, түнде 22 градус жылы. Жексенбіде күндіз плюс 32, түнде +22 градус.
Алматыда сенбіде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз +33, түнде 22 градус жылы. 26 маусымда өткінші жауын жауады, күндіз +37, түнде +22 градус.
25 маусымда Шымкентте күндіз +39, түнде +20. Жексенбіде +40, түнде +22 градус.