19 сәу, 2019 сағат 11:27

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы 20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Қазақстанның оңтүстігінде көктем өз күшіне енді, ал республиканың солтүстігінде керісінше, күн суытып кетті. Мұнда алдағы демалыс күндері бұлтты ауа райы сақталады. Жылбысқы қар жауып, түнгі ауа температурасы минус 10°С сақталады, бұл - климаттық нормадан 3...5°С төмен. Мұндай ауа райы Карск теңізіне Баренц арқылы бірінен кейін бірі жылжитын белсенді циклонмен байланысты. Ал осы циклонның жүйесіне енетін арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына ықпалын тигізетін болады. 

Республиканың оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Бірақ мұнда күн жылы, күндіз ауа температурасы плюс 15...22°С дейін жылынады, ал бұл орташа көпжылдық мәнге жақын.